Семейде тағы бір адамнан коронавирус анықталды
Семейде тағы бір адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО әкімдігінің инстаграм парақшасындағы деректерге сүйенсек, 1972 жылғы азамат бұған дейін науқастанған үш адаммен байланыста болған. Тиісті тесттер кейін семейліктің COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды.
Қазір науқас инфекциялық стационарда. Ауру ошағына дезинфекция жұмыстары жасалды.
ШҚО аумағындағы науқастар саны 30-ға жетті.
Оқи отырыңыз