Семейде тағы бір адамнан коронавирус анықталды
Семейде тағы бір адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, коронавирус инфекциясын 1973 жылы туған қала тұрғыны жұқтырған.
«ЖРВИ белгілері бар пациенттерге мониторинг жүргізу кезінде бір адамға коронавирус диагнозы қойылды, – деп жазылған ШҚО әкімдігінің Instagram парақшасында.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. 14 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырғандар саны 56 болды.
Оқи отырыңыз