KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да 3 адамнан коронавирус анықталды

21.04.2020, 04:12 120

Шығыс Қазақстан облысында 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жалпы елімізде 21 сәуір күні 9:35-тегі жағдай бойынша тағы 97 адамнан ауру табылды.

– Өскеменнің екі тұрғынынан қауіпті инфекция табылды: 1972 жылғы ер адам және 1970 жылғы әйел адам. Сондай-ақ Абай ауданында тұратын 1960 жылы туған егде адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.  Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, ем қабылдап жатыр, – деп мәлімдеді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл үш науқас 138 адаммен байланыста болған деген болжам бар. Ал облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 11-ге жетті.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу