ШҚО-да ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 13 мыңнан астам дайын құжат алынды
![](/kz/uploads/posts/iblock/524/524d069c1b432e27f5470a74132f7f5d.jpeg)
Шығысқазақстандықтар карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 13 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Құжаттардың біраз бөлігі ХҚО жабылғанға дейін рәсімделген болса, басым бөлігі - карантин барысында онлайн рәсімделіпті.
- Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт. Бұл ретте, ТЖ басталғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн жуық қызметті онлайн түрде алған, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетік корпорациясы» ШҚО бойынша филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Заруеткызы.
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.
Құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына сілтемеден көруге болады: gov4c.kz