KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

ШҚО-да мамырдан бастап әуе рейстері ашылады

29.04.2020, 05:25 1 339

Мамыр айынан бастап ШҚО-да әуе қатынасы қайта іске қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

- Бүгін мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан – Семей", "Алматы –Семей" бағыттарын бойынша бір рейстен ұшады, - дейді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу