Өскеменде жұмысшылар трамвай рельстірінің бойына асфальт төсеп жатыр
Өскеменде жұмысшылар трамвай рельстірінің бойына асфальт төсеп, жолды тегістеп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Трамвай рельсін басып өту бірнеше жылдан бері көлік жүргізгендердің «бас ауруына» айналған. Өйткені асфальт тегіс емес. Тұрғындар тарапынан талай шағып айтылса да, кішігірім жөндеу жұмыстары ғана жасалып келді. Қазіргі уақытта трамвай паркі мемлекеттік меншікке өткені белгілі. Көлік компаниясы енді аталмыш мәселені түбегейлі шешуге кіріскен сияқты.
«Жаңа Согра» жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті: Абай даңғылы мен Бажов көшесіндегі рельстердің бойына қалыңдығы 10 сантиметр екі қабатты асфальт төселуде.
– Жыл көлемінде 10 трамвай өткелі жөнделеді. Мәселен Шәкәрім-Абай қиылысы, Мыза-Қазақстан, Қабанбай батыр-Қазақстан және тағы басқалары, – дейді көлік компаниясының басшысы Тимур Екібасов.