KZ
Өскемен
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Қоғамдық орындарда ауызашар беруді тоқтата тұру керек – Семей өңірінің бас имамы

26.04.2020, 09:17 198

Қоғамдық орындарда ауызашар беру тоқтату керек. Бұл туралы Семей өңірінің бас имамы Асқар қажы Мұқанов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Имамның айтуынша, карантин кезінде әркім өз үйінде ауыз ашқаны абзал. Тіпті пітір-садақаны да жылы үйден шықпай-ақ, kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады. Сондай-ақ жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда жиналып, ауызашар беруді уақытша тоқтату керек.

– Баршаларыңызды осы Рамазан айында құлшылықтарыңызды үйде атқаруға шақырамыз, сонымен қатар ауызашарды биыл кеңінен атап өте алмайтынымыз баршыңызға түсінікті. Сондықтан үйде Ораза ұстап, үйде ауыз ашқан жөн. Біреуді қонаққа шақыру – парыз амал емес. Керісінше, бұдан сақтануымыз керек. Біреуге ауызашар бергіңіз келсе, оның мекенжайына белгілі бір «Халал» сертификатын алған дәмханалардан тапсырыс беріңіз. Сонда ауызашардың сауабына кенелесіз, – деді Асқар қажы Мұқанов.

Биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталып, 23 мамырға дейін созылады. Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. Ал Ораза аяқталысымен Ораза айт басталады, оның бірінші күні 24 мамырға сәйкес келеді.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу