Карантин кезінде қалай ораза ұстау керек?
Биыл қасиетті Рамазан айының алғашқы күні 24 сәуірге дөп келеді. Одан әрі отыз күнге жалғасатыны белгілі. Семей қаласының бас имамы карантин кезінде қалай ораза ұстау керегін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қадір түні мамыр айында, он тоғызынан жиырмасына қараған түні кіреді. Биыл пітір садақа 370 теңге деп бекітілді. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы карантин талаптарын бұзбау үшін құрбандықты онлайн түрде шалуды ұсынды.
– Ораза – біз үшін маңызды және міндетті. Бірақ төтенше жағдай кезінде карантин талаптарын сақтау керек. Мешіттер жабық болғандықтан биыл ауызашар ауқымды түрде өтпейді. Үйден шықпай, отбасыңызбен бірге ауыз ашыңыз. Сондай-ақ көрші-қолаңды ауызашарға шақырып немесе біреудің үйне қонаққа барудың да қажеті жоқ. Егер әлдекімге сыйлық жасағыңыз келсе, оның мекенжайынан сертификатталған «Халал» өнімдеріне тапсырыс беріңіз. Өзіңіз бен жақындарыңызды вирустың аман сақтау үшін үйден шықпаған абзал. Біз бұл ауыртпалықты сынақ ретінде қабылдауымыз керек. Пітір-садақа банктік карточка арқылы онлайн режимде қабылданады. Сондай-ақ дүкендерде садақаға арналған арнайы жәшіктер орнатылған, – деді Асқар қажы Мұқанов.