KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Бас мүфти: Ауызашар беруді уақытша доғару керек

14.04.2020, 10:47 189

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында ауызашар беруді уақытша доғаруға шақырды. Ол Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн баспасөз маслихатында төтенше жағдай кезінде діни іс-шараларды өткізу тәртібі туралы баяндады.

– Елдегі ахуалға байланысты кез келген мекемеге (дәмхана, мешіт) ауызашар беріп, халықты жинамаған абзал. Карантин уағында әр отбасы өз шаңырағында болғаны жөн. Көпшілікті жиып ауызашар берудің орынына басқа да қайырлы амалдар бар. Мысалы, дәмханаға тапсырыс беріп ауызы берік адамның үйіне тағам жөнелтіңіз. Сол секілді әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға азық-түлік немесе қаражат беруге болады, – деді Наурызбай қажы.

Оның айтуынша, мешіттерде көпшіліктің қатысуымен тарауық намазы оқылмайды.

– Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз. Қасиетті айда көбірек игі іс жасауға асығайық. Ата-анамыздың, үлкен кісілердің дұғасын алайық. Туыстарымыздан хабар алып, хал-жағдайын сұрайық. Мүмкіндікке қарай, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрайық», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Биыл Ораза айт мейрамы 24 сәуір – 24 мамыр аралығында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив