KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, Ю
512.34 582.07 6.31

Даниал Ахметов Рамазан айының басталуымен құттықтады

24.04.2020, 07:08 213

ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Баршаңызды он екі айдың сұлтаны - қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Тұтқан оразаларыңызды, ізгі ниет-амалдарыңызды қабыл етсін!

Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын! Күллі әлем күрескен, Қазақстан халқының еншісіне түскен осынау қиын кезеңді бірге еңсерейік!

Біздің басты міндетіміз – ұлт саулығы. Байлығымыз - ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім, бірлік пен ынтымақ екенін ұмытпайық!

Әр отбасына зор денсаулық, молшылық, амандық пен бақ-береке тілеймін!

Рамазан айы мүбәрәк болсын!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу