Жармада мектеп түлектері мен ұжымы «Біз біргеміз!» акциясына қолдау көрсетті
Жарма ауданының Үшбиік ауылында Ақтайлақ би атындағы орта мектептің түлектері мен ұжымы «Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мектептің түлектері аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға 10 смартфон сыйға тартып, оларға интернет қосып берді. Сондай-ақ, олар 13 отбасыға азық-түлік пен сабын-жуғыш заттар үлестерді.
Оқи отырыңыз