KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да тәртіп сақшылары мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсетті

30.12.2019, 05:42 169

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жанға мүгедектер арбасын сатып алуға көмек көрсетті. Ал Шемонаиха ауданының тәртіп сақшылары көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорысыз қалған балаларға мерекелік сыйлықтар жасады,  деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

22 жастағы Дархан - 1-ші топтағы мүгедек. Ол мүгедектер арбасына бала кезінен қол жеткізе алмай жүрген. Аз қамтылған отбасынан шыққан жігіт үшін бұл қолжетпес армандай еді. Дарханды әкесі көтеріп жүреді екен.

Бұл отбасының жағдайын осы жылдың қазан айында полиция қызметкерлері естіп, азық-түлік пен киім-кешек беріп, қаржылай көмек көрсетіпті. Дарханның анасынан мүгедектер арбасының қажет екенін білген соң, жігіттің арманын орындауға бел буған.

Қайырымдылық акциясын Шемонаиха ауданыны тәртіп сақшылары да қолға алған екен. Олар бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар таратып, көңілді жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив