KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 3 м/с, З
512.34 582.07 6.31

42 500 теңге: Қашықтықтан жұмыс істейтіндер жәрдемақы алмайды

6.04.2020, 06:22 334

Қашықтықтан жұмыс істейтін адамдар төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға төленетін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны ала алмайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып өтті. Әлеуметтік төлем өз бетімен жұмыс істеп жүрген жеке тұлғаларға беріледі екен.

- «42 500 теңге ресми, бейресми жұмыс істеп жүрген, бірақ төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған азаматтарға қарастырылған. Олар - жалдамалы қызметкерлер, шағын және орта бизнестің жұмыскерлері. Егер жалдамалы қызметкерлер мәжбүрлі түрде, ақысы төленбейтін еңбек демалысына жіберілсе немесе жұмыстан шығып қалса, аталған төлемді алуына болады. Қашықтықтан жұмыс істейтін адамдар бұл төлемді ала алмайды», - дейді министр.

Бейресми жұмыс істеп жүргендер дегеніміз ешқашан еңбек шартын жасамаған, салық төлемеген, әлеуметтік төлем төлемеген, тіпті бірыңғай жинақтық төлемді де төлемегендер. Ал ресми жұмыс істеп жүргендерге жеке кәсіпкерлер, адвокат, нотариус, сот орындаушы мен медиатор, фрилансер сияқты жеке практикамен айналысатындар жатады. Жалдамалы қызметшілер – бұл коммерциялық емес ұйымдардың жұмысшылары. Олар ақысыз демалысқа жіберілген жағдайда ғана аталған төлемді ала алады. Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік ұйымдарға жәрдемақы берілмейді.

Аталған жәрдемақыны алу үшін бейресми жұмыс істеп жүр деген мәртебені рәсімдеу қажет. Ал мәртебені рәсімдеу үшін бірыңғай жинақтық төлемді төлеу керек. Оны бір рет төлегендер 42 500 теңгені ай сайын алады. БЖТ-ны төлегеннен кейін келесі күні портал арқылы өтініш беруге болады. Төлемге өтініш қабылдайтын egov.kz және 42500.enbek.kz порталдары жұмыс істейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу