Декретте отырған аналар 42 500 теңгені ала ма?
Декретте отырған әйелдерге 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында декретте отырғандарға тоқталды. Айтуынша, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақыны декретте отырған аналар да ала алады екен. Бірақ барлығы дерлік емес.
- " Бала күтіміне байланысты бір жылға дейін мемлекет тарапынан оларға жәрдемақы төленеді. Бір жылдан соң, олар жұмысқа барар еді. Бірақ қазір оларды ешкім жұмысқа алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жылдан соң, бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алуға мүмкіндігі бар", - дейді ведомство басшысы.