KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

"9 сағат қалды". Өскемендегі кәсіпорындар рұқсаттамасын тіркетуі керек

17.04.2020, 09:14 254

Бұдан былай кәсіпорындардың RUKSAT.E-VKO.KZ проталында тіркелмеген арнайы рұқсаттамалары жарамсыз болады. Тіркеуге небары 9 сағаттай уақыт қалды.

– Кәсіпорындар көліктері және жаяу жүретін қызметкерлеріне рұқсаттама алу үшін жоғарыдағы сайтқа өтініш береді. Рұқсаттаманы бұрын алғандар болса, оны тіркетеді. Уақыт бүгін (17 сәуір) сағат 23:59-ға дейін ғана, – деп жазылған Өскемен әкімдігі таратқан ақпаратта.

Сонымен, әуелі RUKSAT.E-VKO.KZ порталын ашу керек, ары қарай:

– тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеу;

– рұқсаттамасы бар немесе рұқсаттама алуға тиіс қызметкер туралы мәліметтер енгізу;

– рұқсаттамасы бар немесе рұқсаттама алынуға тиіс көлік туралы мәліметтер енгізу;

– өтініш беру.

Ұсынысыңызды өзгерткіңіз немесе толықтырғыңыз келсе, 18 сәуірге дейін өтініш берілгендер тізімінен жөндей аласыз.

Өтініштер бірнеше күн қаралады. Жауап өтініште көрсетілген электрон поштаға жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив