KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Өскемен әкімі рұқсаттамаға байланысты «КСК»-ларға тапсырма берді

3.04.2020, 04:01 208

Өскемен тұрғындары рұқсаттама қағаз алу үшін топтасып немесе ұзан-сонар кезекте тұрмауы тиіс. Қала әкімі «кск»-ларға бұл істі жылдам әрі қауіпсіз жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыс орталығында шектеу шаралары енгізілген кезде қала ішінде жүруге арналған рұқсат қағаздар таратыла бастады. Әлеуметтік желілердегі суреттерден пәтер иелері мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінде қаптап тұрған адамдарды көруге болады.


Қала әкімі «КМС» филиалына барып, «кәртішкелердің» қалай үлестіріліп жатқанын байқады.


– ПИК басшылығы әр пәтерге бір рұқсаттама беруге міндетті. Олардың тарапынан қарызды өтеу немесе өзге де талаптар қойылмайды. Ондай жағдайға тап болсаңыз, қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне хабарласыңыз. Сондай-ақ рұқсаттама алу үшін топтасып тұрмаңыздар. Кезек күту керек болса, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Араларыңыз 1,5 -2 метр қашық болуы керек. Дайындалған рұқсаттамалар барлық пәтерге жетеді, – деді Жақсылық Омар.


Естеріңізге саламыз, рұқсаттама алу үшін жеке куәлігіңізді алып, ПИК-ке барасыз. Әр пәтерге – бір рұқсаттама беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу