KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Қаладан кімдер шыға алады?

16.05.2020, 07:40 168

ТЖ режимі тоқтағанмен, аудандар мен қалаларға кіріп/шығу қатаң бақылауға алынады. Төмендегі топтарда болмасаңыз, жолға шықпағаныңыз абзал!

Назар аударыңыз! Аудандар мен қалалардың сыртқы блок-посттарында ҚЫЗЫЛ немесе КӨК түсті арнайы рұқсаттамалары бар тұлғалар ғана кіріп/шыға алады.

ҚЫЗЫЛ түсті рұқсаттама қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерді атқаратын тұлғаларға арналған.

КӨК түсті рұқсаттама қала мен ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорындарға және жол немесе бағыт парағы болған жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындарына қызмет көрсететін кәсіпорындар мен заңды тұлғаларға арналған.

Қала сыртындағы саяжайға шығу үшін міндетті түрде мүлік иесі екеніңізді растайтын құжатыңыз болуы керек.

COVID-19 індетінің таралуына жол бермеңіздер! Талаптар қатаң сақталуы тиіс!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив