KZ
Өскемен
-9°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Бір үйден бір адам ғана шыға алады – полиция

7.04.2020, 10:09 225

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тәртіп қатаңдай түскенін мәлімдеді. Енді бір үйден бір адам ғана сыртқа шыға алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Дүйсенбіден бастап тұрғындар қатаң түрде рұқсат қағазына сәйкес жүруі тиіс. Бір пәтерге немесе жер үйге бір рұқсат қағазы берілген. Дүкенге, дәріханаға немесе банк бөлімшесіне бір отбасынан бір адам ғана баруы тиіс. Сондай-ақ тұрғындардың ең жақын маңдағы нысандарға барғаны абзал. Ал бала ертіп сыртта серуендеуге тыйым салынады, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Полицияның мәлімдеуінше, тұрғындар рұқсат қағазымен бірге жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Тәртіп сақшысы азаматтың аты-жөнін белгілеп, мәліметтерді қызметтік планшетке жазып отырады. Осылайша келесі жолы полиция қызметкерлері  адамның қай уақытта шыққанын біліп отырады.

– Төтенше жағдай кезіндегі талаптарды бұзғандар және құқық қорғау органдарының талабына бағынбағандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады, – деп түйді Полиция департаменті.   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу