Өскеменнің екі тұрғыны бір рұқсат қағазын пайдаланып жүрген
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Өскеменде екі адам бір арнайы рұқсат қағазын пайдаланған. Оқиға 12 сәуірде болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция қызметкерлері Назарбаев даңғылы мен Гагарин бульварының қиылысында жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Көліктің алдыңғы терезесінде жасыл түсті арнайы рұқсат қағазы орнатылыпты, онда екі тіркеу номері көрсетілген. Тәртіп сақшылары рұқсат қағаздарын тексеріп, көлік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға қатаң ескерту жасалып отыр. Ары қарай толығырақ анықтау үшін бұл ақпарат осы құжатты берген жергілікті атқарушы органға жіберілді.
Оқи отырыңыз