KZ
Өскемен
-10°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

"Үш күн ескерту". Өскемен мен Семейге 15 бақылау-өткізу пункті қойылды

2.04.2020, 04:45 269

Бүгін Өскемен мен Семейге кіріп-шығар жолдардың үстіне 15 бақылау-өткізу пункті қойылды. Оның сегізі - Семей, жетеуі Өскеменде. Кезек күткен көліктер тізіліп қалды.

Әзірге келіп-кетушілердің барлығы дерлік өткізіліп жатыр. Алайда барлығының құжаты мен денсаулығы мұқият тексерілуде. Әрбір адамға дезинфекция жасалуда. Бекетте полиция, медицина және әскери қызметкерлер жұмыс істеуде.

- Тәртіп сақшылары үш күн ескерту ғана айтады. Одан кейін шектеу жұмысын мықтап қолға алады. Біздің аймақтың ең ірі екі қаласында 700 мыңға жуық адам тұрады. Бұл - облыс халқының жартысынан көбі. Сондықтан бұл амалсыз, бірақ осы күннің қажетті шарасы. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын! Құрметті жерлестер, көп нәрсе біздің өзімізге, әсіресе, тәртібімізге байланысты. Тек оқшаулау арқылы ғана біз пандемияны жеңе аламыз, - деді бекеттерді аралап шыққан облыс әкімі Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу