KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

ШҚО-да ТЖ режимін бұзғандар жауапқа тартылды

23.03.2020, 12:35 98

ШҚО-да кезекті рейд барысында кіші және орта бизнес субъектілері тарапынан бірқатар ереже бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мысалы, Өскемен мен Семейде екі мейрамханада қойылған шектеулерге қарамастан жұмыс режимін бұзып, іс-шаралар өткізген екен. Мейрамхана қожайындарына қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді.

Сондай-ақ, Наурыз мерекесі күні Өскемендегі караоке-клуб сағат кешкі 22.00-ден кейін жұмысын жалғастырғаны белгілі болды. Клубтың қожайынына қатысты төтенше жағдай режимін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ЖШС-нің бірінің аумағында дезинфекциялық шаралардың жүргізілмеуіне байланысты заңды тұлға жауапқа тартылып отыр.

ШҚО аумағында төтенше жағдай режимін бұзу бойынша жалпы 7 факті тіркелген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив