KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

"43 адам қамаққа алынды". ШҚО-да төтенше жағдай режимін бұзғандар

15.04.2020, 04:57 184

ШҚО-да төтенше жағдай режимін бұзған 89 адам айыппұл арқалап, 43 адам қамаққа алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Әкімшілік кодекстің 463 (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру), 476 (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер), 478-баптары (Төтенше жағдай режимiн бұзу) бойынша 133 адам жуапқа тартылды. Оның 43-і қамаққа алынды, 89-ына айыппұл салынды, біреуіне ескерту берілді. Шешімді сот шығарды», – деп жазылған ақпаратта.

Мекеменің баспасөз қызметі ереже бұзылған екі мысалды ұсынды. Бірінші, төтенше жағдай кезінде жұмысын тоқтатпаған лоундж-бар анықталған. Лоундж-барда жеті адам болған. Иесі бес күн қамаққа алынды.

Екінші, мәшиненің қосалқы бөлшектерін саудалайтын дүкен. Шектеулерге қарамай жұмыс істеген иесі 19 446 теңге айып төлеуге міндеттелді.

«Көпшілікті жинап, қандай да бір іс-шара өткізу барысында індет көп таралады. Сол себепті мұндай кезде сот, талапқа сай, ең қатал – қамаққа алу жазасын бекітеді», – делінген ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу