KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Антисептикті қалай қолдан жасауға болады?

23.03.2020, 12:11 92

Коронавирус пандемиясы кезінде антисептик дәріханалардағы ең өтімді тауарға айналды. Жоғары сұраныстың салдарынан антисептикті іздеп табу қиынға соқты. Дегенмен, оны қолдан дайындап алу әдісі бар екен.

Сарапшылардың кеңесіне сүйенсек, мұндай қолдан жасалған антисептиктің пайдалы қасиеттері жағынан дәріханадағы өнімнен еш айырмашылығы болмайды. Тіпті, сапасы одан жақсырақ болуы да мүмкін екен.

Қолдан антисептик жасау үшін спирт пен сұйық глицерин сатып алу қажет. Екі компонентті бірдей мөлшерде араластырып, алоэден жасалған гель немесе басқа кез келген өсімдік компонентін қосуға болады. Бұл қол терісін жұмсартып, ылғалдандыру үшін керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу