KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды деген ақпарат тарады

20.03.2020, 06:09 221

Қазақстанда коронавирусттан 3 адам көз жұмды деген ақпарат таралып кетті. Бұған қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп пікір білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Адам өлімі туралы ақпаратты әлемдік екі сайт: worldometers.info және gisanddata.maps.arcgis.com беріп отыр. Бұл сайттарда коронавирус эпидемиясының мониторигі бойынша есептуіш орнатылған екен. Есептеуіштегі ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда COVID-19 вирусынан 3 адамның өлімі тіркелген.

- Біз бұл ақпараттың жалған екенін айтамыз. Бүгін Қазақстанда вирус жұқтырған бес адам тіркелді. Қазақстанда екі жағдай, бұлар Минск-Қарағанды рейсінің жолаушылары. Алматы бойынша екі жағдай, Берлин мен Франциядан келген жолаушылар. Вирус жұқтырған науұастарыдң жалпы саны 49 адамға жетті. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, өлім-жітім Қазақстанда жоқ, - деді министрліктің өкілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив