KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Тарбағатайда коронавирусқа байланысты құрбандық шалынды

20.03.2020, 04:25 79

Тарбағатай ауданының халқы «Жаратушыдан індеттен аман алып шығуды сұрап» құрбандыққа мал шалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған.

«Тарбағатай ауданындағы «Байжігіт баба» мешітінің имамы, Ақжар ауылының халқы және кәсіпкерлердің ұйымдастырумен екі бас ірі қара құрбандыққа шалынды. Ауыл имамы Амангелді Жарас халықтың атынан тілек тілеп, арнайы аят оқып, жаратушыдан елді індеттен аман алып шығуды сұрады», – делінген онда.

Имам Амангелді Жарастың айтуынша, ауыл халқы 500 мыңдай қаржы жинаған. Оған алынған екі сиырдың еті ауылдағы тұрмысы төмен жетпіс отбасыға таратылып берілген. Ал малдың дұғасына он шақты адам қатысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив