KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, В
504.76 593.8 6.5

Коронавирус: Қарағандыда екі, Алматыда үш науқас тіркелді

20.03.2020, 03:44 772

Қазақстанда  коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі 20 наурыз 08.30-дағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Індет Қазақстанның тағы бір қаласынан шықты.

– Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында 2 адам. Науқастардың жалпы саны 49-ға жетті, – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қарағандыда коронавирус жұқтырған 2 адам Минскіден келген рейстің жолаушылары, ал Алматыда тіркелген 3 науқастың бірі жас жігіт, екеуі – бойжеткен екені белгілі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу