KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қытай, Италия, Германиядан келген 14 адам карантинде жатыр – ШҚО

18.03.2020, 04:14 132

Шығыс Қазақстан облысында 14 адам карантинде жатыр. Бүгінге дейін бірде-біреуінен COVID-19 жұқпасы анықталмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.

– 20 ақпаннан бастап облыс көлемінде 79 адам стационарлық карантинге жатқызылды. Оның ішінде 65 адам денсаулық жағдайы жақсы болғандықтан емханадан шығарылды. Бұл ретте барлық тәртіп қатаң сақталғанын айта кету керек. Ал 14 тұрғын әлі де карантинде. Бұл А және 1Б санатындағы елдерден келген адамдар. Яғни Қытай, Италия, Германия, Оңтүстік Кореядан келгендер, – деді Ілияс Мұхамеджан.

Басқарма басшысының айтуынша, 1Б санатындағы елдерден келген тұрғындар үйде оқшауланған. Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы жақсы көрінеді. Сондай-ақ екінші санат бойынша медициналық шақыруда 73 адам бар.

– Облыс тұрғындарынан алынған барлық талдаулар коронавирустың жоқтығын көрсетті.  Шығыс Қазақстанда COVID-19 жұқпасы жоқ, – дейді облыстың бас дәрігері.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив