KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да COVID-19-дан 3 адам сауығып шықты

20.04.2020, 09:44 93

ШҚО-да COVID-19-дан 3 адам сауығып шықты. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде облыста коронавирус анықталған адамдар саны - 8.

Өңірдің бас дәрігерінің айтуынша, сауығып кеткендердің арасында облыс орталығынан - екі, Семей қаласынан бір науқас бар.

– Бүгін үшеуі де ауруханадан шықты. Өздерін жақсы сезінеді. Олар 1959 жылғы семейлік азаматша және Өскеменнен 1938 жылғы апа мен дәл осы 1938 жылы дүниеге келген ақсақал. Емделушілерде COVID-19 симптоматикасы жоқ, барлық талдаулар алынды. Рентген мен КТ зерттеулерінде ауру белгілері табылмады. ПТР-ге екі рет талдау жасалды, екеуі де теріс нәтиже көрсетті, - деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы басқа науқастардың жағдайына тоқталып өтті. Қазіргі уақытта олардың барлығы Семей қаласындағы инфекциялық стационарда емделіп жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты.

Бүгінде анықталған 29 ошақтың 20-сы карантиннен алынды. Коронавирус тіркелген соңғы 2 жағдай бойынша 9 ошақ қалып отыр. Ол науқастармен байланыста 110 адам болған. Барлығы оқшауланған, талдау нәтижелері теріс. Жалпы қазіргі уақытта облыс бойынша провизорлық стационарларда 62 адам, обсервацияда 34, үй карантинінде 249 адам бар.

Айта кету керек, облыс орталығының 4-ші қалалық ауруханасынан және Семей қаласының балалар ауруханасынан карантин режимі алынды. Стационарда болған барлық қызметкерлер мен науқастар екі рет тестілеуден өтті, нәтижелері теріс. Көрсеткіштер бойынша облыста барлығы 3209 адам зертханалық тексеруден өтті. Тестпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив