KZ
Өскемен
-17°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Су тасқынынан зардап шеккендер қонақ үйге орналасады – Өскемен

1.03.2020, 08:35 126

Өскемен әкімдігі су тасқыны бола қалған жағдайда, тұрғындарға қандай көмек көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.

Су тасқынынан зардап шеккен қала тұрғындары «Үлбі» орталығына, «Турист» және «Өскемен» қонақ үйлеріне орналасады.

– Біз олармен келісімшарттарқа отырғанбыз. Адамдарды эвакуациялау кезінде, арнайы дайындалған нөмірлер беріледі. Мысалы, «Үлбі» орталығына 65 адам орналаса алады. Онда 22 бөлме дайын. «Турист» қонақ үйі 111 адам қабылдай алады. Барлығы 78 бөлме. Сондай-ақ тұрғындар азық-түлікпен де қамтылады. Осы мақсатта «Арзан» супермаркетімен, «Восток-Сахар» сауда компаниясымен және «ЭКО Агро» наубайханасымен, «Шығыс» дүкенімен келісімшарт жасалды – деп мәлімдеді қала әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу