KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да дәріханаларда «құпия сатып алушы» әдісін қолданатын болады

25.02.2020, 10:22 238

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ШҚО Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арансындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдинның айтуынша, бұл саланың қызметінде барынша ашықтық құру қажет.

- Меморандум аясында медицина мен фармацевтика жұмысшыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар өткізу қарастырылып отыр. Осы мақсатта арнайы конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ. Бастысы, «құпия сатып алушы» әдісімен бірлескен шаралар өткізіледі. Бұл фармацевтикалық нарықтағы субъектілердің жосықсыз әрекеттерін анықтауға бағытталған. Осы шараларға арнайы мониторингтік топтар, «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, аймақтық ақпараттық-ағартушылық штабтың өкілдері қатысады, - дейді Жігер Байділдин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу