KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
518.07 595.21 6.37

Семей қаласының 19 жастағы тұрғынына іздеу салынды

24.02.2020, 04:35 268

Семей қаласының 19 жастағы тұрғынына іздеу салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Илья Шахов есімді бозбала 22 ақпан күні түс кезінде үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз.

Бойы – 175 см. Шымыр денелі, шашы мен көзі – қоңыр түсті. Тілінің аздаған мүкісі бар. Қара түсті тоқыма тұмақ, қар күрте, көк джинса шалбар және қара-сұр түсті аяқ киім киіп шыққан. Жанында көлік картасы болған екен.

Lider.kz тобының еріктілері көрген-білгендер болса,  8-747-349-57-17 немесе 102 номеріне қоңырау шалып, хабар беруін сұрайды. Ватсап: 8-701-375-92-91

    

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу