ШҚО тұрғынына іздеу салынды
Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданының тұрғынына іздеу салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нақтырақ айтсақ, Тимур Әбдірахманов есімді азамат Предгорное ауылының тұрғыны. 1984 жылы туған. 31 қазан күні үйінен шығып кеткен. Қайда бармақ болғаны беймәлім. Әлі күнге бір хабар жоқ.
Тимур Тілеубекұлы: арықша денелі, бойы 180 см, шашы мен көзінің түсі – қара. Үстінде жасыл түсті спорт киімі болған.
Көрген-білген жандар болса, 8771 466 54 38 номері немесе 102-ге қоңырау шалуын сұраймыз.
Оқи отырыңыз