KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда жаңа қаржы пирамидасы пайда болды

17.02.2020, 10:03 150

FINANCE.kz қазақстандықтарды жаңа қаржы пирамидасы туралы ескертеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазақстанда мессенджерлер арқылы «Котёл, немесе Қара касса» деп аталатын ойын таралып жатыр екен. Ойынға қосылу үшін 14 300 теңге салып, артыңнан екі адам ертіп келу керек. Олар да 14 300 теңгеден салады. Осылайша, пирамиданың жоғары жылжуына қарай, нәтижесінде 114 000 теңге табыс түседі-мыс.

Бұл - пирамиданың қарапайым үлгісі. Жеңіл ақшаға ұмытлғандар түсетін үйреншікті тор. Алайда оған алданып, ойынға қосылып жатқандар аз емес көрінеді. Осыған орай FINANCE.kz ескерту жариялап отыр.

- "Бұл схема - қарапайым Понци схемасы. Схема бойынша, алғаш қаржы салған инвесторлар кейін келген инвесторлардың қаржысының есебіне табысқа келенеді. Былайша  айтқанда, бұл – осыған дейінгі МММ, Кэшберри және басқа да тұрғын үй, круиздік кооперативтер секілді қаржылық пирамида. Жаңа ойыншылардың ағыны тоқтаған кезде, табыс та тоқтайды. Ал оған дейін түскен табыстың барлығы ойынды бастағандардың қалтасында кететіні айдан анық. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Бұл туралы жақындарыңызға, таныстарыңызға ескертіңіздер", - деп жазылған таралған хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу