Семейде 145 адам қаржылық пирамида жетекшісімен соттасты
Семейде 145 адам қаржылық пирамиданың ұйымдастырушысымен соттасты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі express-k сайтына сілтеме беріп.
Айта кету керек, 145 адамның барлығы бір-бірін таниды. Басым көпшілігі туыстар.
Қаржылық пирамиданың алдауына түскен адамдардың әрқайсысы, шамамен, бір немесе жарты миллион теңгеден несие алған. Әлбетте, ұйымдастырушы несиені өзі өтеп беретінін айтып сендірген. Бастысы бұрын дәуірлеп, кейін құлдыраған әлдебір фирманы жабылып аяқтан тұрғызып алса болғаны, одан арғы өмір – жұмақ.
– Адамдар келісімшартты жөндеп оқымаған, – дейді қалалық №2 соттың қазысы Ибрагим Әлкенов.
Сонымен, әлгі ұйымдастырушының бұрын фирмасы тұр ғой, көк тиыны болмағаны анықталды. Ол халықтан жиған ақшасының жартысын супермаркет ашу үшін жұмсайды. Жартысын, өзінің айтуынша, тігіншілер оқытатын курс ашу үшін құрал жабдық сатып алуға жұмсаған. Бірақ онысын дәлелдей алмады.
Сот қорытындысында 145 адамның 44 миллион теңге көлемінде шығынға батқаны анықталды. Қаржылық пирамиданың ұйымдастырушысы 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Одан ары жет жыл көлемінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға басшы болу құқығынан айырылды. Алайда оның жалғыз өзі екі кішкене баланы тәрбиелеп отырғаны және аяғы ауыр болғаны үшін 5 жылдан кейін ғана қамауға алады.