"112 көпқабатты үй". ШҚО-да құрылыс мамандары тапшы
Семейде көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы көбейгеніне байланысты құрылыс саласының мамандары жетіспеуде.
«Бұл мәселе бұдан бірнеше жыл бұрын өзекті болған. Қазір тіптен. Біз қазіргі уақытта 600 шаршыметр аумақта құрылыс жүргізіп жатсақ, алдағы уақытта тағы сонша аумақта жұмыс бастаймыз», – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сондай-ақ облыс аумағында 10-нан астам әлеуметтік нысан салынатынын атап өтті. Оның ішінде Аягөз ауданындағы спорт кешені, Глубаоке ауданындағы мәдениет үйі мен Абай ауданындағы мектеп бар.
Облыс әкімі осыған байланысты білім мен құрылыс басқармаларына мамандар даярлауды тапсырды.
Айта кетейік, дәл қазіргі уақытта облыста 112 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде.