KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Ақшаны қиын жерге тыққан. ШҚО-да тағы да жемқор шенеуніктер ұсталды (ВИДЕО)

6.02.2020, 06:07 39

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО ауылшаруашылығы басқармасының бастығының орынбасары мен ШҚО әкімі аппаратының заңгерлік бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталған лауазымдағы шенеуніктер 2017-2021 жылдарға аранлаған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсеткені үшін  ЖШС қожайынынан 35 миллион теңге көлемінде пара алған екен.

Қос шенеунік те, ЖШС өкілі де қазіргі таңда тұтқындалып, қамауға алынып отыр.

Бұлтартпау шарасы туралы мәселе қаралуда. Соңғы шешім сот отырысында қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу