KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
523.86 544.34 5.11

Отыз пәтерлі тұрғын үйдің сапасы көңіл көншітпей отыр - Үржар

3.02.2020, 09:04 149

Үржар ауданында салынып жатқан 30 пәтерлі тұрғын үйдің сапасы көңіл көншітпей отыр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Бұл пәтердің бір шаршы метрі - 140 мың теңге. Ауылды жерде тұратын тұрғындар үшін аз ақша емес, әрине. Көппәтерлі тұрғын-үйдің құрылысы біте салысымен 24 көпбалалы отбасы мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты бала баспаланалы болады деп сүйіншілеп қойған Үржар әкімі  тұрғын үйдің табалдырығын аттап баспаған сияқты. Өйткені сапасы сын көтермейтін тұрғын үйді аймақ басшысы қабылдауға келмейді деп, мердігер компанияға айыппұл салуды тапсырды.

- Ұят қой мынау деген. Ертең бұл үйге халық келеді ғой. Бұл не сұмдық! Бір шаршы метрі 140 мың теңге, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов

203,3 миллион теңге бөлінген 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын былтыр  мамыр айында «СтройЭлитРиэлти» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастаған. Құрылыс жұмыстарының басшысы Болат Сатаевтың айтуынша, тұрғын-үй ақпан айының соңына қарай пайдалануға берілуі тиіс. Алайда атқарылған жұмыстарды қайта тексеремін деп кеткен облыс әкімі аудан әкімдігіне бірқатар міндет жүктеді. Егер үйдің сапасы сол күйінде қалса, аудан әкімінің орынбасары Дидар Хамитов жұмысынан босатылатынын айтты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу