KZ
Өскемен
-26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Өскеменнің дәрігерлері коронавирусқа қарсы дайындық бастады

3.02.2020, 06:22 181

Өскемендегі Ана мен бала орталығында коронавирустың алдын алу шаралары бойынша семинар өтті.

Семинарда облыс орталығының дәрігерлеріне аталмыш инфекцияның таралуы, этиологиясы, клиникалық келбеті туралы түсіндірілді. Сондай-ақ пациентке көмек көрсету алгоритмі айтылды.

Мамандардың сөзінше, вирустан сақтану үшін келесі амалдарды әрдайым есте ұстаған абзал:

– распираторлық инфекция жұқтырған адамдармен тым жақын қарым-қатынасқа бармау;

– қолды жиірек жуу (әсіресе науқас адамдармен байланыс жасағаннан кейін);

– ауру жануарлардан (үй және түз тағыларынан) аулақ болу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу