KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

2019 жылы қазақстандық журналистерге 17 рет шабуыл жасалды – Әділ сөз

2.02.2020, 07:56 140

«Әділ сөз» қоры Қазақстандағы сөз бостандығы құқығының 2019 жылғы бұзылу статистикасын жария етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Қордың мәліметінше, 2019 жылы полицейлер 46 журналисті ұстаған. БАҚ пен ақпарат құралдары өкілдеріне қауіп төндірудің 10 дерегі тіркелген. Журналистерге 17 рет шабуыл жасалған.

БАҚ өкілдеріне қылмыс тәртібі бойынша тағылған айып статистикасы:

Жала жабу мен тіл тигізу – 26;

Көрінеу жалған ақпарат тарату – 7;

Араздық туғызу – 5;

Тыйым салынған ұйым қызметіне араласу – 7;

Билік өкіліне қатысты тіл тигізу мен күш көрсету – 3.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың бірінші жартысында ҚР соттары БАҚ өкілдеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша 24 істі аяқтады. Оның ішінде:

18 іс бойынша үкім шыққан;

1 іс бойынша іс тоқтатылған.

26 адамға айып тағылып, 19-ы сотталған, 3 адам ақталды.

2019 жылдың желтоқсанында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша 68 іс тіркеліп, 59-ы сотқа жіберілген.

Азаматтық тәртіп бойынша БАҚ өкілдеріне 73 рет айып тағылды. Оның 66-сы – ар намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы арыз, моральдық шығынды өтеу туралы талаптың жалпы сомасы – 101 миллион 500 мың теңге, өндірілген сома – 9 миллион 415 мың теңге.

БАҚ өкілдерін жауапкершілікке тартқандар:

мемлекеттік қызметшілер – 22;

заңды тұлғалар – 22;

қарапайым азаматтар – 22.

Соттар БАҚ өкілдеріне қатысты 76 шешім шығарды, оның 21-і апелляцияда, төртеуі кассацияда. 45 іс бойынша сот БАҚ пен азаматтардың пайдасына шешім шығарды.

2019 жылы БАҚ-қа қатысты әкімшілік тәртіп бойынша 17 айып тағылған. Журналистер құқығының бұзылуына қатысты толық статистиканы «Әділ сөз» қорының сайтынан көруге болады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив