Семейде жылу трассасындағы апат салдарынан тұрғындар жылусыз қалды
Семейде жылу трассасында апат болып, 580 абонентке жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Төтенше жағдай басқармасының ақпараты бойынша, 31 қаңтар күні Рысқұлов және Синицин көшелерінің қиылысында жылу жүйесінің құбырлары жарылған екен. Салдарынан көптеген тұрғындар жылусыз қалды.
Қазір апат орнында 11 адам мен 4 техника жұмыс істеуде.
Оқи отырыңыз