KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2,2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Жедел жәрдем көліктері тозып кетті, жұмыс істеу мүмкін емес - Үржардың әкімі

31.01.2020, 05:18 279

Үржардағы жедел жәрдем көліктері әбден ескіріп, тозығы жеткен, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин халықпен кездесу кезінде айтты.

Денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді ашып айтқан аудан басшысы облыс әкімінен жедел жәрдем көліктерін жаңартуға қолдау көрсетуін сұрады.

– Ауданның денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалардың бірі – әбден ескіріп біткен жедел жәрдем көліктері. Бүгінгі күні аудан бойынша 24 жедел жәрдем көлігін ауыстыру қажет. Тозған көліктермен сапалы, әрі дер кезінде қызмет көрсету мүмкін емес. Сондықтан сізден осы мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймын, - деді Серік Зайнулдин аймақ басшысына.

Облыс басшысы ауданға қажетінше қаржы бөлінетінін, әлеуметтік мәселелер рет-ретімен шешілетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үржар ауданының әкімі тұрғындар алдында есеп беруде. Жиын облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өтіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив