KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

ШҚО тұрғыны облыс әкімінен 20 сиыр сұрады

31.01.2020, 05:00 173

Үржар тұрғыны 38 мың литр сүт өткізіп, 4 миллион теңге табыс тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы аудан әкімі Серік Зайнулдин халыққа есеп беру кезінде айтты.

Өткен жылы ауданның сүт қабылдау пункттері 19 ауылдық округтің халқынан 1953 тонна сүт қабылдап, өңдеген.

Жиын барысында аудан әкімі үржарлық Роза Болатханованы ерекше атап өтті. Ол өткен бір жылда қабылдау пунктіне 38 мың литр сүт өткізіп, 4 миллион теңге табыс тапқан.

-  Он сиырым бар. Басты табысты сүт өткізу арқылы тауып отырмыз, деген Роза Болатханова облыс әкімінен 20 сиыр сатып алуға қолдау білдіруін сұрады.

Жиынға қатысып отырған Даниал Ахметов ауыл тұрғынының бастамасына қолдау көрсету керектігін айта отырып: 

- Сіз аймаққа және елімізге үлгі болып отырсыз. Сондықтан көмектесеміз, -деп  уәде берді.

Биыл Үржардағы сүт қабылдау пункттері халықтан жиналатын сүттің мөлшерін 2900 тоннаға дейін жеткізуді, былтырғыдан 1,5 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

- Ауданда 6 500 тонна сүт өндіру резерві бар. Жиналған сүттің 60 пайызын немесе 3 900 тоннасын өңдеу үшін тәулігіне 10 тоннаға дейін сүт өңдеп, ірімшік шығаратын шағын кәсіпорын ашу мақсатында Алматы қаласының инвесторларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоғарғы Егінсу және Келдімұрат ауылдарында сүт қабылдау пункттерін ашу жоспарда бар, -деді Серік Зайнулдин.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үржар ауданының әкімі тұрғындар алдында есеп беруде. Жиын облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өтіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив