Семейлік студенттер тағы да қар күреуге шықты (ВИДЕО)
Семейлік студенттер қар күреуге шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы Семей Жастар ресурстық орталығы мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты республика бойынша түрлі игі бастамалар қолға алынып жатыр. Мәселен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бір топ студенті қаладағы жалғызбасты ана Нұрзиза Кунжарикованың ауласындағы қарды тазалап берді. Белсенді жастар "BizBirgemiz" челленджін қаладағы оқу орындарына жолдады.
Оқи отырыңыз