Семейліктер тағы да қар күреуге шықты (ВИДЕО)
Семейліктер тағы да қар күреуге шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы Семей Жастар ресурстық орталығы мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты республика бойынша түрлі игі бастамалар қолға алынып жатыр. Мәселен Шығыстағы студенттер мен дәрігерлер, әскери қызметкерлер мен журналистер қыс басталғалы бері облыстағы жалғызбасты аналар мен ардагерлердің, қоғамдық нысандарың ауласын қардан тазартып жүр. Осыдан бір-екі күн бұрын ғана Абай ескерткішінің маңын тазалаған семейлік еріктілер тобы тағы да қар күреуге шықты. Бұл жолы олар Шығыс кенті, Көшкінбаев көшесінде тұратын зейнеткер әжейдің ауласын тазалап берді.