Ақпан айында мамандандырылған ХҚК орталықтары демалыссыз жұмыс істейді
Қазақстанда ақпан айында мамандандырылған ХҚК орталықтары демалыссыз жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алайда жексенбі күндері тек ЕАЭК елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу бойынша құжаттарды ғана рәсімдейді екен.
Мұндай шешім уақытша тіркеуге жатқызылған көліктердің қожайындары бір ай ішінде қажетті процедуралардан өтіп үлгеруі үшін қабылданып отыр.
1-29 ақпан аралығында мамандандырылған ХҚК орталықтарының жұмыс уақыты өзгеріссіз қалады – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Тек тағы бір қосымша жұмыс күні ретінде жексенбі қосылады. Ол күні жоғарыда аталған процедура бойынша қызмет көрсетіледі.
Мемлекет басшысы полицияға Армения, Ресей, Қырғызсатн мен Беларусьтен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу туралы тапсырма бергені туралы еске саламыз. Мұндай көліктерге сары түсті 18 (аймақ) саны көрсетілген нөмірлер тағылады.