«Барыстың» капитаны АҚШ-та қала әкімі болмақ
«Барыс» хоккейден клубының әрі Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Брэндон Боченски АҚШ-тың Гранд-Форкс қаласында әкім сайлауына қатысып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл Солтүстік Дакота штатындағы адам саны бойынша үшінші қала. Гранд-Форкс округінің оталығы. Тұрғын саны 50 мыңнан асады.
«Гранд-Форкс қаласына жаңа өмір мен жаңа қуат алып келетін уақыт жетті. Гранд-Форксты сүйемін және қоғамға қызмет еткім келеді», - деп жазды хоккейші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
«Барыстың» үздік сұрмергендерінің бірі болған хоккейші 2019 жылы спорттық мансабын аяқтап, аталмыш қалаға көшіп барды. Содан кейін Berkshire Hathaway Homeservices Inc. компаниясында жұмыс істей бастады.