KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

«Барыстың» сапында тағы бір жерлесіміз өнер көрсететін болады

27.05.2019, 11:39 168

Өскемендік хоккей мектебінің тағы бір түлегі елордалық «Барыстың» намысын қорғамақ. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әңгіме 29 жастағы қорғаушы Леонид Метальников жайында. Леонид үшін биылғы маусым аса сәтті болды деуге толық негіз бар. Былтыр өскемендік «Торпедодан» Қарағандының «Сарыарқасына» ауысқан хоккейші жаңа командасы сапында Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңінде топ жарып, бас жүлде – Петров кубогына ие болған-ды. Артынша Ұлттық құрамаға шақырту алған Метальников әріптестерімен бірге Нұр-Сұлтан қаласында өткен бірінші дивизион командалары арасындағы Әлем чемпионатында жеңіске жетті. Осы еңбегін ескерген «Барыс» клубының басшылығы хоккейшімен келісімшарт жасасты.

Облыс орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Торпедоның» экс-ойыншысы кездесуге келген БАҚ өкілдері мен жанкүйерлердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы мақсаттарымен бөлісті. Метальников өзінің хоккейші ретінде қалыптасуы, осындай жоғары жетістіктерге жетуі өскемендік жаттықтырушылар мен бұрынғы командаластарының арқасы екенін айтты.

Осы ретте хоккейші Өскеменге өзімен бірге сужаңа жүлделерінің бірі Владимир Петров кубогын ала келгенін айта кеткен абзал. Баспасөз мәслихаты барысында жерлестеріміз аталмыш кубокпен және хоккейшінің өзімен бірге естелік суретке түсу мүкіндігіне ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив