Ауырып жатқан балаға дәрігер трактормен келді – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер ауырып жатқан балақайға трактормен әрең жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл ерекше оқиға Бородулиха ауданында болды.
– Жаңа Шүлбі ауылында кішкентай бала дем ала алмай, ентігіп жатыр деген хабар келіп түсті. Шұғыл медициналық көмек қажет еді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел жәрдем көлігі жолға шыға алмады. Осы сәтте «Лазарев» ЖШС-ның жүргізушісі Иван Позняк тракторымен көмекке келді, – деп мәлімдеді Семей жедел медициналық көмек бекетінің баспасөз қызметі.
Ауыл тұрғыны Кристина Белендер «ақ қар көк мұзға» қарамай көмекке келген фельдшер Ольга Чукурова мен тракторшы Иван Познякке ризашылығын білдірді.
«Қайырымды жандарға айтар алғысыз шексіз», – деп жазды К.Белендер.