Өскемендегі ауа сапасы ең нашар көше анықталды
Синоптиктер Өскемендегі ауа сапасы ең нашар көшені атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидрометтің» жергілікті филиалы облыс орталығындағы ауа сапасы бойынша мониторинг жасады. 14-20 қаңтар аралығында жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, Толстой көшесінде атмосферадан зиянды қалдықтар жиі анықталған. Бір апта уақыт ішінде зиянды қалдықтар концентрациясы шекті деңгейден үш рет асып кеткен. Ауадағы күкірт сутегінің мөлшері шекті деңгейден 16 рет асқаны белгілі болды.
– Бұл кезеңде ауа сапасы аса жоғары деңгейде ластанған жоқ, – деді «Қазгидрометтің» филиалы.
Оқи отырыңыз