Әлемнің ең үздік лигасы анықталды – IFFHS
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың қорытындысына сәйкес әлемнің ең үздік лигаларының рейтингін жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ағылшын премьер-лигасы араға он жыл салып қайта көш бастады. Теңбіл доп жанкүйерлеріне мәлім, 2009 жылдан бері Испания Примерасына тең келетін біріншілік болмаған еді. Жаңартылған рейтингтің екінші сатысында Бразилияның А Сериясы тұр. Үздік үштікті Ла Лига түгелдеді.
Қазақстан Премьер-лигасы 410 ұпаймен 43-ші орыннан көрінді. Өткен жылға қарағанда біздің чемпионат үш сатыға төмендеген. Біздің алдымызда Сауд Арабиясы (32), Конго (35), Қытай (39) және Венесуэла (41) мемлекеттерінің біріншіліктері бар.
IFFHS рейтингінде нақты қандай параметрлер негізге алынғаны белгісіз. Ұпай саны командалардың әртүрлі турнирлердегі нәтижесі, футболшылардың трансфері және чемпионаттың қаржысына қарай берілген болуы керек.
Әлемнің ең мықты 10 чемпионаты:
1. Ұлыбритания – 1287 ұпай;
2. Бразилия – 1165;
3. Испания – 1141;
4. Италия – 939;
5. Колумбия – 849;
6. Португалия – 834;
7. Франция – 818;
8. Голландия – 790,5;
9. Аргентина – 776;
10. Германия – 765,5, ...
25. Украина - 542,
26. Ресей- 538,5, ...
36. Болгария - 437, ...
40. Венгрия - 425,5,
...43. Қазақстан - 410, ...
45. Беларусь - 397, ...
52. Польша - 364,5, ...
61. Латвия - 340, ...
67. Өзбекстан - 292,5, ...
71. Литва - 279,5.